Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Өскемен тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Өскемен тұрғынынан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar арнасына сілтеме жасап.

Өскемен тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

«Шымкент қалалық ІІБ-ның қызметкерлері «Қарасора» ОПМ қызметкерлерінің рейдтік іс-шарасы барысында сөмкесінде есірткі тасымалдаған Өскемен қаласының тұрғынын анықтады. Тексеру барысында полицейлер ер адамнан салмағы 1 келіден асатын синтетикалық есірткі затын тауып, тәркіледі. Сараптама нәтижесі бойынша бұл жалпы салмағы 1,151 келі болатын «мефедрон» екені анықталды», делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.