Қоғам • 16 Қараша, 2022

Google компаниясы жұмысқа шақырды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдады. Ол Google компаниясынан шақырту алып, биылғы қыркүйек айынан бастап Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді.

Google компаниясы жұмысқа шақырды

Әли бұған де­йін Яндексте тағылым­дамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» ком­паниясында бағ­дарламашы-әзір­леу­ші ретінде өзін дамытып үлгерді.

Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарлама­лау саласы бойынша көп­­теген халық­ара­лық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.

Бүгінде ЕҰУ түлектерінің көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етеді. ЕҰУ-дың механика-математика факультеті бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 15 білім беру бағ­дарламасы аясында жоғары білікті мамандарды ­даярлайды.