Елорда • 18 Қараша, 2022

II Елизаветаның құрметіне аталатын саябақ қайда орналасады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімдігі II Елизаветаның құрметіне аталатын алаңды белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

II Елизаветаның құрметіне аталатын саябақ қайда орналасады

«Қабанбай батыр даңғылы бойындағы «Салтанат сарайы» кешені мен St.Regis Astana қонақ үйі арасында атаусыз алаң бар. Сыртқы істер министрлігі екіжақты дипломатиялық қатынастарды нығайту мақсатында оған Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия патшайымы II Елизаветаның есімімен атауды ұсынды», деді Астана қаласының тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Ескіркеп мәслихат отырысында.