Пікір • 22 Қараша, 2022

Сайлау сапасы – сәтті ұйымдастырудан

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы орайымен өтті. Жалпы сайлау сая­си үдеріс ретінде бірнеше маңызды қызметті атқарады.

Сайлау сапасы – сәтті ұйымдастырудан

Біріншіден, сайлау билік органдарын демократиялық қалыптастыру тәсілі ретінде саяси режімді легимитизациялау мен сенім арттырудың құралы ғана емес, сол сияқты азаматтарды саяси белсендірудің, олардың өз сұраныстарын, қызығушылықтарын ой-елегінен өткізудің, қоғамдық нығаюдың, биліктің азаматтармен кері байланысын қамтамасыз етудің, саяси мәдениетті қалыптастыру және дамытудың, саяси өмірге қатысу үшін дағдыларға ие болудың негізгі құралы.

Екіншіден, сайлау – жаңа мақсаттар мен бағдарламалардың, азаматтарды толғандыратын сұрақтар мен мәселелерді, жалпы әлеуметтік-экономикалық, саяси курсты шешудің тәсілі. Сондықтан да сайлау халықты нығайтуға бағытталған. Жалпы әлемдік трендті назарға ала отырып, азаматтар әрі қарайғы жолды және жоспарларды нақты түсінуі қажет.

Сайлауды өткізу үнемі үлкен ұйымдастырушылық жұмысты талап етеді. Бұл процедура келесі сатылардан тұратын сайлау үдерісі деп аталады: сайлауды белгілеу; сайлау округтерін құру; сайлау комиссиясын қалыптастыру; үміткерлерді ұсыну; сайлаушылар тізімін құру; сайлау алдындағы үгіт-насихат; сайлауды өткізу; сайлау қорытындысын жасау; сайлау нәтижесін халыққа жариялау.

Осы кезеңдердің барлығында сайлау комиссиясы жүйесінің, атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының бірыңғай жөнге келтірілген жұмысы қажет. Жалпы, сайлау қоғамдық өмірге белгілі бір мерзімділікті, өткен жолдың қорытындысын жасап, болашақты байыптауға мүмкіндік береді.

 

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА,

Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары