Коронавирус • 22 Қараша, 2022

Қазақстанда COVID-19 вакцинасының қанша дозасы бар?

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы 500 мың доза вакцина бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда COVID-19 вакцинасының қанша дозасы бар?

«Бүгінде коронавирусқа қарсы 500 мың доза вакцина бар. Бұл QazVac және Sinopharm вакциналары. Қазір бізге Pfizer вакциналары келіп жатыр. Келесі аптада Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтамыз», деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Pfizer вакцинасы екпе алғысы келетін тұрғындардың барлық санаттарына қолжетімді болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 743 адам (-590+ және 153 CVI-) коронавирус инфекциясынан ем алуды жалғастыруда. Оның ішінде 118 науқас стационарда, 625 науқас амбулаторлық деңгейде ем алып жатыр.