Пікір • 25 Қараша, 2022

Байқаушылар саны артып келеді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында өткен кезектен тыс президент сайлауы тәжірибесі көрсеткендей, елімізде байқаушылардың саны артып келеді. Мысалы, 2021 жылы сайлаудағы байқаушылардың саны 2019 жылғы президенттік сайлаумен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Бұл тренд өте өзекті.

Байқаушылар саны артып келеді

Сол секілді Қазақстанда халық­аралық стандарттарға сәйкес, сайлау үдерісінің транспаренттілігі мен ашықтығын қам­тамасыз ететін ха­лықаралық бақылау тәжірибесі ке­ңінен ұсынылған. Олардың да саны артты. 2021 жылы парламенттік сайлауда 398 байқаушы аккредиттелсе, 2022 жылы президенттік сайлауда 641 халықаралық байқаушы қа­тысты.

Байқаушылар санының өсуі қоғам­ның саяси бейтараптылықты бастан кешу әлеуетін көрсетеді. Сайлау – ықпал ету және азаматтардың дауыс беру арқылы топтық шешім қабылдау процесіне саяси қатысуының негізгі кілті.

Сондай-ақ Қазақстанда байқаушы институтын нығайту үшін азаматтық қоғамның байқаушылардың әдеп ко­дексін қабылдау қажеттігін көр­сетеді. Осылайша, өздігінен реттеу және өз­дігінен ұйымдастыру байқаушы мәрте­бесінің артуына жол ашады.

Байқаушылардың әдеп кодексі әлемнің көптеген мемлекеттерінде бар. Мысалы, Ұлыбританияда байқаушылар кодексі қолданылады. Онда сайлаушы тұлғалардың құпиялығын сақтау, сайлау процесіне қандай-да бір кедергі кел­тіруге тыйым салу, кәсіпқойлық прин­­циптерін сақтау мәселелері жазыл­ған.

Өз кезегінде сайлауды бақылау сайлаудың айқындылығын арттырады. Осылайша, елімізде де шетелде де сайлау процесіне деген сенім артады. Сайлауды бақылау демократиялық процеске қолдау көрсетеді.

 

Жанар САНХАЕВА,

Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері