Ауа райы • 26 Қараша, 2022

Бүгін ауа райы қандай болады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей уақыттарда қалың қар жауып, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысында, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады.