Теннис • 01 Желтоқсан, 2022

Эйс жасаудың шебері

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әйелдер арасындағы Қазақ­стан ұлттық құрамасының көшбас­шысы Елена Рыбакина биыл WTA санатындағы жарыстарда 57 матч өткізіп, 370 эйс жасаған. Отанда­сы­мыз осы нәтижемен үздіктер санатын­да екінші орыннан көрінді.

Эйс жасаудың шебері

 

Эйс жасауда ептілік танытқандардың көшін биылғы WTA қорытынды турнирінің чемпионы, әлемдік рейтингте төртінші орын­ға жайғасқан франциялық Каролин Гарсия бастап тұр. Ол бір жыл ішінде 63 матч­қа қатысып, 394 эйс жасаған. Екінші сатыға Елена жайғасса, ресейлік Вероника Кудер­метова (59 матч, 265 эйс) үздік үштікке ілікті. Теннис жанкүйерлерінің есінде болса, Ры­бакина 2020 жылы 193 эйспен әйелдер теннисі қауымдастығында (WTA) озық шыққан еді.

Ерлер арасындағы АТР жарыстарының қорытындысы бойынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик эйс жа­саудан 6-орынға табан тіреді. Ол 55 бә­секеде 715 эйске қол жеткізді. Өткен жылы қазақстандық теннисші бұл жөнінен алдына жан салмаған еді (62 матч, 840 эйс).