Теннис • 05 Желтоқсан, 2022

Дубайда дайындалады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншылары жаңа маусымға дайын­дығын Біріккен Араб Әмірліктерінде бастайды.

Дубайда дайындалады

 

5-25 желтоқсан аралығына жоспарланған Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына еліміздің әйелдер және ерлер құрамаларының теннис­шілері қатысады. Сондай-ақ Team Kazakhstan академиясының жас ойыншылары ересектермен бірге дайындалады. Ұлттық құрама капитандары – Юрий Щукин мен Ярослава Шведова жаттығу жиынына Елена Рыбакина, Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Тимофей Скатов, Михаил Кукуш­кин, Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Арысланбек Айтқұлов және Ислам Орынбасар секілді теннисшілерді шақырған.

Жиыннан кейін қазақстандық теннисшілер Аустралияға аттанады. Жерлестеріміздің бір бөлігі United Cup кубогінде, басқалары Аде­лаида WTA 500 және Хобарт ATP 250 тур­нир­лерінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар «Үлкен дулығаның» алғашқысы – Australian Open біріншілігінде де бақ сынайды.