Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2022

Пәтерінде есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде аса ірі мөлшерде есірткі жасырған 41 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәтерінде есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды

Іздестіру іс-шарасы барысында әйелдің тұрғылықты мекенжайынан полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәріздес зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол мефедрон екендігі анықталды. Оның жалпы салмағы 101 грамды құраған. 

Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.