Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2022

ШҚО-да браконьер 400 келі балықпен ұсталды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысына браконьер тиісті құжаттары жоқ автокөлікпен 400 келі қара балықты тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да браконьер 400 келі балықпен ұсталды

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 60-шақырымында Глубоковский ауданының 40 жастағы тұрғыны басқарған «ВАЗ» автокөлігі тоқтатылды. Ер адам көлікте 400 келіге жуық балықты құжатсыз тасымалдаған. Браконьер полиция бөліміне жеткізілді, онда жауап алу кезінде ол балықты Убинка ауылындағы Шульба су қоймасының жағасынан ұстағанын айтып, кінәсін мойындады», деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.