Кино • 22 Желтоқсан, 2022

Тимур Бекмамбетов Ресейдегі киностудиясын сатып жіберді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов 1994 жылы Ресейде құрған «Bazelevs» киностудиясын сатып жіберді. Студияның бас продюсері Лала Рустамова мен коммерциялық директоры Тимур Асадов киностудияның жаңа директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимур Бекмамбетов Ресейдегі киностудиясын сатып жіберді

Лала Рустамованың айтуынша, мәміле коммерциялық сипатта болған және нарықтық шарттарда жасалған.

«Бұл мәмілені жасауға қаржының 2022 жылғы барлық кірісі қамтылады. Бірінші кезекте, «Елки 9» және басқа фильмдерден, оларды телеарналар мен VOD платформаларда (онлайн кинотеатрлар, ағындық және басқа интернет платформалар) тарату құқықтарын сатудан түскен қаржылар», деді Л.Рустамова.

Тимур Бекмамбетов Bazelevs компаниясын 1994 жылы құрған. 2004 жылы кинокомпания Сергей Лукьяненконың романы желісі бойынша «Түнгі күзет» фильмін түсірді.  Фильм сол  жылы ең көп табыс әкелген картина аталып, 26 миллион доллар жинаған.

Компания сонымен қатар «Елки және «Горько!» сияқты фильмдер сериясын шығарды. 2006 жылы Bazelevs Лос-Анджелесте өкілдігін тіркеді. Бірақ ол жеке компания саналады.

Жаңа басшының айтуынша, Bazelevs-ті Ресейде сату туралы шешім бірнеше жыл бұрын болған. Мәлімдемеде Бекмамбетовтің компанияны оперативті басқарудан босап, шығармашылыққа ауысуы – режиссура мен сценарийлік жұмыстарға барынша ден қоюға деген ниетпен жасалғаны айтылады.