Медицина • 25 Желтоқсан, 2022

ДСМ адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДСМ адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды

«Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР-дің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті», деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3%-ға өскен.

Сонымен қатар, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді. 

Осыған байланысты спикер R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға өсті. 

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше