Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2022

Банкроттық рәсімі кезінде мүлікті жасырғандарға айыппұл салынады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов жеке тұлғаларды банкроттық рәсімі аясында жалған ақпарат бергені немесе мүлікті жасырғаны үшін айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Банкроттық рәсімі кезінде мүлікті жасырғандарға айыппұл салынады

Министрдің орынбасары атап өткендей, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы түзетулер банкроттық рәсімдерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу қажеттілігін көздейді.

«Мәселен, азаматтың кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында қасақана банкроттық туралы өтініші үшін 200 АЕК. Жалған ақпарат бергені немесе соттан тыс тәртіпте банкроттықтың шегінде мүлікті (ол туралы ақпаратты) жасырғаны үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар спикер толықтырғандай, сот банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін бұзғаны үшін қаржы менеджерлеріне 15-тен 100 АЕК-ке дейін жауапкершілік енгізіледі.

Жалпы ұсынылып отырған нормалар осы саладағы заңды бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидасын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.

Айыппұлдарды қолдану, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін 2022 жылы АЕК мөлшері 3 063 теңгені құрайды.