Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2022

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

31 желтоқсанда еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында түнде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Қонаев қаласында 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Шымкентте бүгін кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Петропавл қаласында 31 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, көктайғақ, тұман болады. Оралда 31 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болмақ.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысында түнде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 31 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанды.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 

Абай облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.