Тағайындау • 04 Қаңтар, 2023

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.