Парламент • 07 Қаңтар, 2023

Сенаторлар Шымкент қаласындағы «Энергоорталық-3» АҚ жұмысымен танысты

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «Энергоорталық-3» АҚ жұмысымен танысты. Биыл мұнда электр станциясының негізгі және қосалқы жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар Шымкент қаласындағы «Энергоорталық-3» АҚ жұмысымен танысты

Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 1981 жылы салынған. Оның негізгі жабдықтары 61,5 пайызға дейін тозып кеткен. Сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, еліміздің бірқатар жылу электр станцияларында орын алған ауыр апаттарды және жылу беру маусымында авариялық жағдайлар мен техникалық ақауларды алдын алудың маңыздылығына ЖЭО басшылығының ерекше назарын аударды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия өндіруші компанияларға ауқымды технологиялық сараптама жүргізілді және шаралар жоспары белгіленді. Алдағы уақытта электр станциялары басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр», деді Айгүл Қапбарова.

Сенаторлар «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің құрылыс барысымен және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылған «Атамекен» медициналық орталығының жұмысымен де танысты.