Қазақстан • 09 Қаңтар, 2023

Израильдік агробизнес Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің солтүстігіндегі ірі ауыл шаруашылығы коммуналарының бірі – Магаль кибуцында болды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Израильдік агробизнес Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Сапар аясында «Netafim» компаниясының өңірлік директоры Зохар Зив, Кибуц индустриясы қауымдастығының халықаралық сауда жөніндегі директоры Михал Зоран, сондай-ақ «Mapalagro», «AgroScout» және «Tal-Ya» агротехникалық компанияларының өкілдері С. Бұршақовты жоғары технологиялық жылыжайлармен және фермалармен жұмыста қолданылатын озық ирригациялық шешімдермен таныстырды.

Дипломат еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін атап өтіп, израильдік аграршыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ инвесторларды үкімет пен өңірлер тарапынан кешенді қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған реформалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, тамшылатып және микро суару нарығында әлемдік көшбасшы саналатын «Netafim» компаниясының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға, жылыжайлар мен су шаруашылығы құрылысы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Осыған орай 2023 жылы Қазақстанның кейбір өңірлеріне бизнес-миссиялар ұйымдастыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024