ҚазАвтоЖол таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейінгі және «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» күре жолының Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аралықтарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолында Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 бірлік жол пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды.
Тағы екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 08:46
Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 00:21
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Денсаулық • Кеше
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Аймақтар • Кеше