Қоғам • 16 Қаңтар, 2023

Ақтау тұрғынының үстіне жоғарғы қабаттан лақтырған диван түскен

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда ер адамның үстіне жоғарғы қабаттан лақтырған диван түскен. Оқиға салдарынан жәбірленушінің мойын омыртқасы сынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау тұрғынының үстіне жоғарғы қабаттан лақтырған диван түскен

Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда 13:00 шамасында болған.

Жергілікті БАҚ жазғандай, тұрғындар алтыншы қабаттағы пәтерден жиһаз лақтырып, ол 39 жастағы ер адамның үстіне құлаған. Зардап шеккен адамды жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

«Ол жерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады. Оқиға кезінде үйде 12-13 жас шамасындағы жасөспірім болған екен. Ал ата-анасы үйде болмапты. Диванды лақтырған сәтті көрген куәгерлерлер болса +7 702 811 03 82 телефонына хабарласуын сұраймыз», дейді зардап шеккен ер адамның ағасы.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегушінің мойын омыртқасы үзіліп, аяқ қолы сал болып қалған.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ