Ғылым • 16 Қаңтар, 2023

Адамзат Марсты бағындыра ала ма?

685 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғарыш саласындағы жаңалықтарды тұрақты жазып, зерттеп жүрген BBC ғылыми тілшілері Кейт Стивенс пен Паллаб Гоштың пайымдауынша, Америка мен Қытайдың алдағы жылдарға мақсаты - Марсты бағындыру, деп жазады Egemen.kz басылымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Адамзат Марсты бағындыра ала ма?

Ғарыш саласы өте күрделі техникалық жабдықтарды және қомақты қаржыны талап етеді.

NASA-ның айға оралуы «Артемис» бағдарламасынан басталған. Бағдарлама бойынша алға қойылған үш мақсаттың біріншісі сәтті жүзеге асқан. Ол ұшқышсыз ұшу арқылы ракеталар мен технологиялардың жұмысын тексеру. Екінші мақсат адамдарды ғарыш айлағынан алысырақ ұшыру болса, үшіншісі - ғарышкерлерді Айға бір аптаға жіберіп, зерттеу эксперименттерін өткізу. Ал Айды зерттеудегі басты мақсат - оны Марсқа ұшатын айлақ ету.

«Бағдарлама 93 миллион долларды қажет етеді. Бірақ бұл экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатқан америкалық салық төлеушілердің қалтасына ауыр тиеді. Өткен жылы конгреске берген есебінде АҚШ-тың бас аудиторлық кеңсесі NASA-ның жоспары шындыққа жанаспайды әрі артық шығыны көп деп ескертіп, шығындарды неғұрлым сенімді әрі ашық етуі керек екенін айтты. Алайда, биыл NASA сұрағанынан азырақ қаржыландырылса да, қонгресс оның ғарыштағы зерттеу жобаларына бұрыңғыдай қолдау көрсетеді», деп жазды зерттеушілер

Ал Қытай өзінің толық жұмыс істеп тұрған «Тяньгун» ғарыш станциясын графикке сәйкес орбитаға шығарып үлгерген. Қытайдың ғарыштық бағдарламасы Ай мен Марсқа зерттеу шолғыларын ұшырған еді. Олар 2025 жылға қарай Айда ұшқышсыз зерттеу станциясын құруды жоспарлап отыр.

«Ғарышкерлер Айға ұшуды игерді. Ғарыштағы ендігі қадам – Марс. Ол Айдан 250 есе алыс орналасқан және оған ұша алатын ғарыш кемесі жоқ. Ғалымдар зымыранды көп отынмен ұшырудың әрі планетаға қонудың қауіпсіз әдісін тапса да, ғарышкерлерді аман-емен кері қайтару мәселесін шеше алмай отыр», деп қорытындылады Кейт Стивенс пен Паллаб Гош.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті