Экология • 16 Қаңтар, 2023

Экологиядағы ынтымақтастық

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Ёшикава Юуми екіжақты кездесу барысында экология саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Экологиядағы  ынтымақтастық

Айта кету керек, Жапония 2020 жылы 2050 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне жетуді мақсат етіп қойды. Қазіргі уақытта Күншығыс елі энергетикалық көздерден парниктік газдардың шығарылу көлемі бойынша әлемде 5-орында (ҚХР, АҚШ, Үндістан, Ресейден кейін) тұр.

Жапондық тарап бірлескен Кредиттеу механизмі (JCM) аясында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұл механизм озық технологияларды және шығарындыларды азайту жөніндегі инфрақұрылымды таратуға, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын жұм­сарту жөніндегі шараларды жүзеге асы­руға ықпал етеді. Сонымен қатар JCM парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңіруге бағытталған Кли­маттық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Айта кетелік, JCM аясындағы несиелер аталған механизм шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңіру бойынша шаралар­ды іске асыру барысында жоба қатысушылары қол жеткізген парниктік газдар шыға­рындыларын азайту немесе сіңірудің сандық көрсеткіштері негізінде беріледі.

Сондай-ақ тараптар кредиттеудің бірлескен механизмі бойынша ынты­мақ­тастық туралы Меморандумға екі елдің үкіметтері деңгейінде қол қою мәсе­лелерін талқылады.

 

«Егемен-ақпарат»