Спорт • 19 Қаңтар, 2023

Тағы бір спринтермен толықты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасы қысқы трансферлік кезеңінде құрамын тағы бір легионер велошабандозбен толықтырды.

Тағы бір спринтермен толықты

27 жастағы Нидерланд өкілі Кейс Бол алдағы бір маусым «Астана» сапында жарыс­тарға қатысатын болды. Ол бұған дейін өз елінде іргетасы қаланған Team DSM коман­дасының намысын қорғап, спринтерлер бәсекесінде және жекелей кезеңдерде бірталай елеулі табысқа қол жеткізген. Атап айтар болсақ, кейінгі төрт жылдың ішінде Кейс бір күндік «Нокере Корс», «Калифорния туры» және «Норвегия турында» топ жарған болса, 2020 жылы «Вольта Альгарве», 2021 жылғы «Париж-Ницца» және 2022 жылғы «Британия туры» кезеңдерінде мәреге бірінші жеткен.

Осының алдында Лондон Олимпиа­дасының чемпионы Александр Винокуров жетекшілік ететін «Астана» велокомандасы Ұлыбританияның даңқты велошабандозы, әлемдегі ең үздік спринтерлердің бірі Марк Кавендишпен де бір жылдық келісімшарт жасасқан болатын.