Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Екібастұзда электровоз бен жүк тиегіш соқтығысты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қаңтарда Екібастұздағы Лесхоз ауданында электровоз бен жүк тиегіш соқтығысты. Оқиға салдарынан жүк тиегіш жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда электровоз бен жүк тиегіш соқтығысты

Белгілі болғандай, жол апаты сағат 17:10-да реттелетін күзетілмейтін шлагбаумсыз теміржол өткелінде болған. 49 жастағы жүк тиегіш машинист электровозбен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк тиегіш жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Жүк тиегіш көлігі әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына, ал электровоз депоға жеткізілді.