Оқиға • 25 Қаңтар, 2023

Түркістанда Түркі әлемі математикалық қоғамының VII конгресі өтеді

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 25 қаңтарда Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы С.А.Раевтың Түркі әлемі математикалық қоғамының (Turkic World Mathematical Society) президенті Б.Т.Жұмағұловпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда Түркі әлемі математикалық қоғамының VII конгресі өтеді

Кездесуде Түркі әлемі математикалық қоғамының VII Конгресін (TWMS 2023) өткізу мәселелері талқыланды, оның мақсаты - ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымын дамытуға және ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде математика, ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануға жәрдемдесу.

TWMS-тің кезекті конгресі 20-23 қыркүйек аралығында Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі.

Кездесу барысында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы С.А.Раев конгрессті жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек көрсететініне сенім білдірді.