Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023

Каспий жағалауындағы өрт ошағын анықтау үшін тікұшақ жұмылдырылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау қаласының аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы - МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий жағалауындағы өрт ошағын анықтау үшін тікұшақ жұмылдырылды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді.

Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша 4 ошақ анықталды. 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 км жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 га  алаңда. 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 га астам алаңда болды.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру ертең, яғни 1 ақпанға жоспарланған.

«Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Атырау облысы ТЖД жану ошақтарын сөндіру мәселелерін қарастырып жатыр. Бұл жердің батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасының жану ошақтарына бара алмайтынын ескерген жөн. Қазіргі уақытта қозғалыс маршруты анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіруге дереу жіберілетін болады.