Тағайындау • 06 Ақпан, 2023

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов 1980 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы.

Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған.

2001-2005 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің оқытушысы;

2005-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратында қызмет атқарған;

2013-2014 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат Басқармасы» ММ-нің басшысы;

2015-2016 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарған;

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы.

2019 жылдың тамыз - 2020 жылғы ақпан айлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы.

2020 жылдың ақпан - 2021 жылғы мамыр айлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024