Аймақтар • 06 Ақпан, 2023

Әскери қызметшілер ауыл тұрғындарына көмектесті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімшілігінің өтініші бойынша су тасқынына қарсы шараларды орындауға жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметшілер ауыл тұрғындарына көмектесті

Аталған аймақта күннің күрт жылынуы мен жауған жаңбырдың салдарынан елді мекендер мен шаруашылық қызмет объектілерін су басу қаупі туындады. Су тасқынына қарсы жұмыстарға Луговой гарнизонындағы барлау бөлімшесі және мотоатқыштар батальонынан барлығы 300-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылды. Сонымен қоса әскери техника да тартылды.

– Бірден Құлан ауылының тұрғындарына көмекке кірісіп кеттік. Өйткені қиын жағдайда халыққа қол ұшын беру – әскери және азаматтық борышымыз, – деп атап өтті Жауынгерлік даярлық жөніндегі барлау бөлімшесі командирінің орынбасары майор Абзал Жәнібеков.

Арнайы техниканың көмегімен су арнасын басқа жаққа бұруды төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі органдар жүргізеді, ал әскери қызметшілер жиналған судың үйлерді басуына жол бермеу үшін бекіністер салып жатыр.

– Әскерилердің келіп, көмектесіп жүргеніне ризамыз. Олар екі күн қатарынан бізге қол ұшын беріп,  осында жүр, – деп алғысын білдірді Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің өкілі Нұрболат Қойшыбаев.

Жұмыс ауысыммен ұйымдастырылған. Үйлерді су тасқынынан қорғау үшін 50 адамнан құралған топтар құм салынған қапшықтардан бөгет жасап жатыр.

Қазір аудандағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. Алайда жағдай бақылауда.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024