ANTIKOR • 06 Ақпан, 2023

Антикордың Абай облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикордың Абай облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Бұл лауазымға Нұрлан Қыдырбаев тағайындалды. Департамент басшысын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов таныстырды. Өңір басшысы Нұрлан Қыдырбаевқа сыбайлас жемқорлықпен күресте жемісті жұмыс тіледі.

«Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмаларын орындап, қоғамдық тәртіп пен заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлесе үлес қосатынымызға сенімдімін», деді Нұрлан Ұранхаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов жиналғандарды Нұрлан Қыдырбаевтың еңбек жолымен таныстырып өтті.