Қоғам • 08 Ақпан, 2023

Елорда тұрғындары өз сайлау учаскелерін қалай анықтай алады?

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Елорда тұрғындары өз сайлау учаскелерін бірнеше тәсіл арқылы біле алады, деп хабарлайды  Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары өз сайлау учаскелерін қалай анықтай алады?

Астана қаласының әкімдігі сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы алуға мүмкіндік береді:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/;
  2. Тelegram-дағы чат-бот: https://t.me/sailau astana_bot;
  3. Smart Astana мобильді қосымшасын жүктеп алу;
  4. IKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша қоңырау шалу.

Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болып саналтынын атап өту маңызды. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) жүгіну қажет: Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару. 

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ