Қазақстан • 08 Ақпан, 2023

Түркиядағы зілзала: Қазақстан құтқарушылары әйел адамды құтқарып қалды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құтқарушылары Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркиядағы зілзала: Қазақстан құтқарушылары әйел адамды құтқарып қалды

ТЖМ Telegram-арнасында жариялагған видеоға қарағанда, Қазақстаннан арнайы жұмылдырылған құтқарушылар түркиялық әріптестерімен бірге құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Түркияға жеткен қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары ныснадарға бекітілген еді. Өткен тәулікте бірінші топ жер сілкінісі салдарынан опырылып құлаған 6 қабатты үйді зерттеді. Іздестіру жұмыстары кезінде көз жұмған 3 әйелдің денесі табылып, шығарылды. Қазір жұмысшылар үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйге жұмылдырылды, олар жергілікті құтқарушылармен бірге зардап шеккен әйелді шығарып алды. Дәл сол нысанда құтқарушылар 1 адамның денесін тапты», делінген хабарламада.

шг

Қиранды орнында күрделі жағдай қалыптасқанын атап өту керек. Құтқарушылар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны айтылған. Құтқару-іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ