Оқиға • 11 Ақпан, 2023

Алматы облысында кісі өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында кісі өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды

Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-де тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы үш күдікті ұсталды.

Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның басын жаралағаны анықталды.

Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.