Теннис • 13 Ақпан, 2023

Болгариямен кездеседі

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен «Дэвис кубогі» бәсекесінің бірінші әлемдік тобында бақ сынайтын құрамалардың жеребесі тартылып, күз мезгілінде өтетін електік ойындағы Қазақ­стан құрамасының қарсыласы анық­талды.

Болгариямен кездеседі

Жеребе қорытындысы бойынша, Юрий Щукиннің шәкірттері жоғары топтағы орнын сақтап қалу үшін бірінші әлемдік то­бының жеңімпазы Болгариямен сырт алаң­да кездесетін болды. Осыған дейін екі құ­раманың жолдары аталған турнирде түйіс­пеген. Матч осы жылдың 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді деп жос­пар­лан­ған. Жеңіске жеткен құрама 2024 жыл­дың ақпанында командалық әлем чемпио­натының іріктеу матчына қатысады.

Қатарынан үш мәрте «Дэвис кубогінің» финалына шыққан Қазақстанның ерлер құрамасы биылғы іріктеу сайысында Чили құрамасына есе жіберіп, 2023 жылғы финал­дық кезеңнен тыс қалған болатын. Ла Серена қаласындағы құмдауыт кортта өткен матчта Чили теннисшілері жерлестерімізден 3:1 есе­бімен басым түсті.

Ал Болгария құрамасы бірінші әлемдік топта Жаңа Зеландия жігіттерін дәл сондай есеппен қапы қалдырған. 3:1 есебімен жең­ген соң, әлемдік рейтингте бірден 15 орын жоғарылап, 41-сатыға жайғасты.