Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Қашаған кен орнында жұмысшы қаза тапты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Қашаған мұнай-газ кенішінің «Д» аралында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қашаған кен орнында жұмысшы қаза тапты

«Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкерінің өлімі кенеттен болды. Өлімнің себебі өндіріске еш қатысы жоқ. NCOC компаниясы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетілді», деп мәлімдеді NCOC компаниясының өкілі.

Жергілікті басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға Қашаған кен орнының «Д» жасанды аралында 9 ақпанда болған.