Футбол • 15 Ақпан, 2023

Кубок жеребесі тартылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Футбол үйінде 2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-кубо­гінің жеребесі тартылды.

Кубок жеребесі тартылды

Бастапқы кезеңде бірінші және екін­ші лига өкілдері топтық және плей-офф кезеңдерінде өзара кездесіп, үздік шыққан екі ұжым жоғары топтағы 14 команданың қатарына қосылады. Сөйтіп Қазақстан кубогінің 1/8 финалында «Астана» – «Қай­сар», «Каспий» – (бірінші және екінші лиганың жеңімпазы), «Ордабасы» – «Мақта­арал», «Қызылжар» – «Жетісу», «Шахтер» – «Оқ­жетпес», «Тобыл» – «Ақсу», «Ақтөбе» – «Аты­рау», «Қайрат» – (Бірінші және Екінші лига­ның жеңімпазы) клубтары ойнайтын болды.

OLIMPBET-кубоктің 1/8 кезеңінен бас­тап қатысушылар өзара екі матч өткізеді. Жұптардағы алғашқы ойын рейтингте жо­ғары тұрған команданың алаңында өтеді.