Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 15:00 шамасында болған. Анықталғандай, «Атырау-Индер» бағытындағы тасжолдың 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан.

«Апат салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1997 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 1962 жылғы жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі дене жарақатын алып, зардап шеккен Тoyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы Махамбет аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», делінген ведомство хабарламасында.

Жол апатынан кейін Toyota Ipsum көлігі өртеніп кеткен. Қазір аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.