Әлем • 20 Ақпан, 2023

Meta Verified іске қосылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Метаның бас директоры Марк Цукерберг Facebook және Instagram әлеуметтік медиа пайдаланушыларына арналған ақылы тексеру қызметі – Meta Verified іске қосылғанын мәлімдеді. Ол пайдаланушы атының жанында көк құсбелгіні алуға, сондай-ақ басқа қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Meta Verified іске қосылды

Цукерберг жаңа функция желі пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты.

Жазылым алдымен Австралия мен Жаңа Зеландияда сынақтан өтеді. Болашақта ол басқа елдерге де қолжетімді болады.

АҚШ-та Meta Verified жазылымы сайт арқылы 11,99 доллар. Ал iOS қосымшаларында 15 доллор тұрады.

Қызметті алу үшін 18 жастан асқан пайдаланушылар ресми жеке куәлікті ұсынуы керек. Оның деректері есептік жазбадағы ақпаратқа сәйкес келуі қажет.

Тексеруден кейін есептік жазбаның атын, логинін, туған күнін немесе фотосуретін қайта тексерусіз өзгерту мүмкін болмайды.