Аймақтар • 25 Ақпан, 2023

ПІБ Медорталығының дәрігерлері Шымкентте 17 операция жасады

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы аптада ҚР ПІБ Медорталығының күндері аясында елордадағы аурухана мен Орталық клиникалық ауруханасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Жоғары технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандарынан, сондай-ақ «Қарлығаш» балабақшалар желісінің педагогтерінен жасақталған делегация Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПІБ Медорталығының дәрігерлері Шымкентте 17 операция жасады

Медициналық орталықтың өңірлердегі күндерін өткізудегі басты мақсат – дәрігерлер мен педагогтердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, медициналық туризмді дамыту.

Үш күн ішінде медорталық ауруханаларының дәрігерлері 160-қа жуық тегін консультациялық көмек берді. Қала тұрғындарын жоғары білікті аритмолог, генетик, онколог және онкохирург, гастроэнтеролог, пульмонолог, нейрохирург және кардиохирург мамандар қабылдады. Олар күрделілігі әртүрлі 17 операция жасады.

Шымкент сапарының бағдарламасына дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тренингтер мен шеберлік сабақтары да қамтылған болатын. Соның аясында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының делегациясы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерімен кездесу өткізді.

ҚР ПІБ Медорталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесуде елордалық педагогтер оқыту әдістері мен балалардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, «Білім беру сапасын бағалауда ECERS-3 шкаласын қолдану» тақырыбында семинар-тренинг, «Инновациялар саласындағы инновациялар» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері мен орынбасарларына эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша,  ауруханада инфекцияның алдын алу және бақылау жайында тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Іс-шараның соңғы күнінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Шымкент қаласының әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Santo фармацевтикалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024