Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Шардарадағы жағдай біздің бақылауымызда - Зульфия Сүлейменова

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрі Шардара мен Көксарай су қоймаларындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шардарадағы жағдай біздің бақылауымызда - Зульфия Сүлейменова

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Экология министрі Зульфия Сүлейменоваға Шардара мен Көксарай су қоймаларындағы жағдайға қатысты сұрақ қойды. Министр жағдай бақылауға алынғанын айтты.

«Қазіргі таңда жиналған су көлемі 5,1 миллиард м2 құрайды. Бірақ айта кететін жайт, біз былтырғы жылы реконструкциясын өткізген едік. Шардарада қалыптасқан жағдай біздің бақылауымызда. Егер жағдай өзгеретін болса, біз тиісті шараларды қабылдаймыз. Көксарайда көп су жинақтап жүрген жоқпыз. Сонымен қатар Сырдарияның төменгі ағысына суды өткізуді жоғарылату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы мәселе шешілген жағдайда Арал теңізіне қарай судың өткізілуін жоғарылатамыз. Бірақ тағы да айта кететін жайт соңғы ақпартқа сәйкес, судың ағыны біршама төмендеген. Яғни бұл Шардараға келіп жатқан судың көлемін едәуір төмендететін болады», деді Зульфия Сүлейменова.

Бұл ретте Премьер-министр су қоймаларындағы жағдайға күнделікті мониторинг жасап отыру қажеттілігін атап өтті.