Қоғам • 07 Наурыз, 2023

Көктем мерекесімен құттықтады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі 8 нау­рыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар қыз-келіншекті құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.

Көктем мерекесімен құттықтады

Жиынға министрлікке қарасты мекемелерде еселі еңбек етіп жүрген телеарна басшылары, іргелі басылымдардың бас редакторлары, көпке белгілі журналистер мен тележүргізушілер, волонтерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және де әр саланың кәсіби мамандары қатысты. Министр еңбегі жанған нәзік жандарды мерекелік Алғыс хаттармен марапаттап, ақ жарма тілегін айтты.

«Қазірде телеарналар мен газет-журналдарды, ақпараттық агенттіктерді басқарып отырған, жалпы БАҚ саласында өнімді қызмет етіп жүрген ару әріптестеріміздің саны көптеп саналады. Сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысып жүрген қыз-келіншектер аз емес. Бұл өз кезегінде еліміздегі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі арта түскенінің айқын дәлелі», деді өз сөзінде Дархан Қыдырәлі.