Елорда • 08 Наурыз, 2023

Әскери қызметшілер елордалықтарға сый жасады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Ұлттық ұланының Ән және би ансамблінің әскери қызметшілері елордадағы ең ірі «MEGA Silk Way» сауда-ойын – сауық орталығына және «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келушілерді таң-тамаша етті, деп жазады Egemen.kz.

Әскери қызметшілер елордалықтарға сый жасады

«MEGA Silk Way» СОО бас залында ҚР Ұлттық ұланының Ән және би ансамблінің ерлер хоры өз өнерін көрсетті. Орындалған композициялардың репертуары әр түрлі болды. «Наз қоңыр», «In the still of the night», «90-шы жылдардағы попурри», сондай-ақ Батырхан Шүкеновтың және Александра Пахмутованың «Мазасыз жастық шақ туралы әні» орындалды. Барлығы жанды дауыста айтылды. 4 тілде 16 ән шырқалды.

Әрі қарай олар Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік нысанына барды. Нәзік жанды ханымдар үшін, оның ішінде осы орталықтың ұжымы үшін мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды, оған ҚР ҰҰ ән және би ансамблінің хористері де кірісті. Олардың әрбір орындаған әні резонанс тудырып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

«Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының басшылығына және тікелей ән мен би ансамблінің ұжымына сахнада өнер көрсеткен жылулығы мен шынайылығы үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің еңбек ұжымымыз және «Шарапат» орталығының қамқорлығындағылар, аға буын осындай көзқарасыңыз үшін сіздерге үлкен ризашылықтарын білдіреді», деді  орталықтың  өкілі Мирхан Желиловна.