Оқиға • 11 Наурыз, 2023

Қостанайда пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы, Лисаковскі қаласында 5 қабатты пәтерден өрт шығып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды

Бес қабатты үйлердің бірінде пәтер өртеніп кетті. Құтқарушылардың айтуынша, өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін оқиға орнына алты минутта жеткен.

Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпып, заттар мен жиһаздар өртеніп кеткен. Сондай-ақ зейнеткердің мәйіті табылған.

Полицияның мәліметінше, ол адам алкоголизм бойынша есепте болған.

- Өртті сөндіруге жеті адам мен  екі  техника жұмылдырылды, - деп хабарлады   ТЖ басқармасы.

Өрт бір сағатта сөндірілді. Басқа зардап шеккен адам жоқ.

Өрттің себебі әлі белгісіз, сараптамалар жүргізілуде.