Оқиға • 14 Наурыз, 2023

Алматы-Өскемен тас жолында бір адам көз жұмды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 наурызда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автокөліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы-Өскемен тас жолында бір адам көз жұмды

Toyota көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен трассасының 159 шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауға соғылып, бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан. Өкінішке қарай, Toyota Carina көлігінде болған 68 жастағы әйел көз жұмды.

Сондай-ақ 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.