Кино • 15 Наурыз, 2023

Квентин Тарантино соңғы фильмінің сценарийін ұсынды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық кинорежиссер және продюсер Квентин Тарантино өзінің жаңа және кейбір дереккөздер бойынша соңғы туындысының сценарийін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Квентин Тарантино соңғы фильмінің сценарийін ұсынды

The Hollywood Reporter басылымы ұсынған деректерге қарағанда, сценарий «Киносыншы» деп аталады. Фильм сюжетіндегі оқиға 1970 жылдардың аяғында Лос-Анджелесте өтеді. Суреттің басты кейіпкері әйел болмақ.

Фильм белгілі журналист және ең ықпалды киносыншылардың бірі Полин Кейлдың құрметіне түсіріледі, ол 1919 жылдан 2001 жылға дейін өмір сүрген. Кезінде Кейл басқа редакторлар мен режиссерлермен төбелескенімен танымал болған.

Түсірілім жұмыстары күзде басталады деп жоспарланып отыр. Алайда атақты режиссер киностудиямен әлі келісімшартқа отырған жоқ.

Айта кетсек, бұл 59 жастағы Тарантиноның соңғы туындысы болуы мүмкін.