Спорт • 16 Наурыз, 2023

Шавкат Рахмонов әлемдегі үздік бес файтерді атады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді. Брифинг барысында спортшы ең үздік 5 файтерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов әлемдегі үздік бес файтерді атады

«Бірінші орынға Джон Джонсты қоямын. Одан кейін Андерсон Сильва. Деметриус Джонсон, Хабиб Нурмагомедов және Джордж Сен-Пьер», деді Ш.Рахмонов.

Айта кетейік, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.