Президент • 16 Наурыз, 2023

Түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек – Президент

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде халықаралық мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек – Президент

«Бүгінгі басқосудың «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» деген тақырыпта өтуі бекер емес. Қазір жер жүзінде табиғи және техногендік апаттар көбейіп жатыр. Бұл жағдай өте өзекті халықаралық мәселенің біріне айналды. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан гуманитарлық шаралардан шет қалған емес. Еліміз табиғи апаттан зардап шеккен елдерге үнемі қолдау көрсетеді», деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Президент табиғи апат кезінде қаржылай және тауар түрінде гуманитарлық көмек берумен ғана шектеліп қалмайтынын жеткізді.

«Бұдан бөлек, құтқарушыларды жіберіп, апат салдарын жоюға белсене атсалысамыз. Жалпы, түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек. Сондай-ақ Ұйым хатшылығы және мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайта түсу қажет», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.