Оқиға • 16 Наурыз, 2023

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша бопсалағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.