Қоғам • 20 Наурыз, 2023

Алматыда көлік көпірден құлап кетті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда көлік көпірден құлап кетті

Ведомство мәліметінше, апат салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілген.

«Төрт зардап шегуші бас сүйек-ми жарақаттарымен, әртүрлі дәрежедегі сынықтармен және көгерулермен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген көмектен кейін олардың біреуі тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емделуге жіберілді, үшеуі ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы алған жарақаттарына байланысты ауыр деп бағаланып отыр»,  деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген бір науқас нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайы орташа ауыр.