Қоғам • 20 Наурыз, 2023

Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады. 

Ал 16 наурызда «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.