Елорда • 22 Наурыз, 2023

Елордада инновациялық киіз үй орнатылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мерекесіне орай ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Nur Alem маңына жақын жерде көшпелі өркениет фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада инновациялық киіз үй орнатылды

Фестиваль алаңында этноауыл орнатылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнершілер шеберліктерін көрсетіп, білімдерімен бөлісу үшін жиналды.

Мұнда сіз қолдан жасалған бұйымдарды тамашалай аласыз, ұлттық ою-өрнектер мен кесте, кілем тоқу, киізден жасалған көне тоқыма өнері, тіпті сауыт жасау бойынша бірегей шеберлік сабақтарына қатыса аласыз.

Фестивальдің басты ерекшелігі - жасанды интеллект көмегімен жасалған өнер, дизайн, анимация заттарын қамтитын Neo Nomad инновациялық киіз үйі.

Сонымен қатар ЭКСПО аумағында Шығыс жәрмеңкесі ашылды. Мұнда қонақтар этникалық стильдегі дизайнерлік киімдерді, сәнді және қолдан жасалған зергерлік бұйымдарды, керамика, металл, былғары және жібектен жасалған әдемі бұйымдарды және ұлттық кәдесыйларды таба алады. Әркім өз қалауы бойынша «Наурыз базарында» тауар сатып ала алады.

Оған іргелес ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бар, онда тауар өндірушілер өз өнімдерін базардағы бағадан арзан сатады.